• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 10 Шілде, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне бір айда 921 293 адам келді

110 рет
көрсетілді

10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті. Жақын арада миллионыншы адамның көрмеге келуі күтілуде.

Халықаралық павильондарға жалпы келушілердің саны 5 960 212 адамды құрайды.

Көрме кешенінің негізгі объекттеріне 834 579 адам барған.

Ең ауқымды келушілер санын, 303 007 адамды Нұр-Әлем павильоны жинаған.

Жалпы санақ бойынша көрмеге келушілердің 14% немесе 130 мың адам шетелдік азаматтарды құрайды.

Бір ай ішінде 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген.  Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ҰОС ардагерлері жатады.

Сонымен қатар, 1031 мәдени ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар, ел басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен барлығы 84 ресми іс-шара өткізілді.

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті